Шетел азаматы елден шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық соты «Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті» Мемлекеттік мекемесінің Өзбекстан азаматы М. Қазақстан Республикасының аумағынан еркінен тыс шығару жайлы арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сотта Өзбекстан азаматы М. Қазақстан Республикасына 2011 жылы тамыз айында келгенін, Республика аумағында болған кезде ол қылмыстық жауапқа тартылғаны, сонымен қатар оның бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталған.

Сот Өзбекстан азаматы М.-ны Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Республика шегінен тыс шығарып жіберу жөнінде шешім шығарды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен  қалалық сотының

баспасөз қызметі