Семинар-тренинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Марқакөл ауылдық әкімдігінің ғимаратындағы медиация кабинетінде Күршім ауданының № 2 аудандық сотының төрағасының м.а. С.Жунуспековамен «Медиация тәртібінде даулардың жекелеген санаттары үшін дауларды (жанжалды) міндетті медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру мерзімі ұзартылды»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға мемлекеттік мекемелердің өкілдері, кәсіпқой емес медиаторлар қатысты.

Сот төрағасының м.а. С. Жунуспекова  азаматтық сот ісін жүргізуде даулардың жекелеген санаттары бойынша   медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның өзектілігіне тоқталып, осы жобаның ағымдағы жылдың 31 желтоқсанында қолданысы аяқталатындығын жеткізді.

Медиация жүргізу болып табылатын даулардың (жанжалдардың) санатына  баланың мүдделеріне орай (баланың тұрғылықты жерін анықтау, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау, кәмелетке толған балаларды асырауға алимент өндіріп алу туралы), некені бұзу және мүлікті бөлу туралы,  мұрагерлік; пәтерден шығару туралы, көршілердің арасындағы жер учаскесінің шекараларын анықтау, еңбек даулары; пәтерді су басқандығы, қарыз келісімшарттары бойынша, сақтандыру даулары және кейбір еңбек даулары жататындығымен қатар, мүлікке меншік құқығы туралы, тауар жеткізілімінің, жалдау, сатып алу-сату, тасымалдау шарттары бойынша; тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы; корпоративтік даулар бойынша; медициналық қызмет көрсетуіне байланысты даулардың жататындығына тоқталды.

Күршім ауданының №2 аудандық соты бойынша нақты статистикалық деректер келтіріп, аталған жобаның қолданылуы тәжірибеде   оң нәтиже бергенін және келешекте жоғарыда аталған санаттар бойынша міндетті медиацияны енгізуге негіз болатындығын айтты.           

Шара  соңында қатысушылар пікір алмасты.  

 

 

Күршім ауданының №2 аудандық сотының   

баспасөз қызметі