Семей соттарының командасы - Спартакиада жеңімпазы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

  Спорттың өзіндік өзгешеліктері бар. Ол адамдардың өзара қарым-қатынасын жақындатып, денсаулықтарының мықты болуына әсер етеді. Спорт адамдардың сыртқы ортаға кері әсер етуші факторға төзімді етеді. Осындай мақсат қоя отырып  Семей қаласының мемлекеттік қызметкерлері арасында XV қалалық спартакиада өткізілді. Спартакиада Семей қаласынан 2014 жылдың қазан айынан бастау алды.  Ал, кеше спартакиаданың қорытындысы шығырылды.

Спартакиадаға қатысушылар мен жанкүйерлердің дайындығы мен  көңіл күйлері көтеріңкі болып,  ауа-райының қолайсыздығына қарамастан спартакиада жоғарғы деңгейде өтті.

Спорттық жарыста соттардың құрама командалары, қазынашылық кәсіпорындардың, Салық комитетінің, Семей қаласы әкімшілігінің командалары кездесті. Атап өтсек, соттардың  құрама командалары спорттық жарыста  жоғарғы нәтижелерге ие болды. 

Сонымен,  әйелдер арасында жүзу жарысы бойынша, Семей қалалық сотының судьясы - Даулетова Мадина бірінші орынды иеленді, ерлер арасында жеңіске жеткендер - Семей қалалық сотының төрағасы  Ақан Жұмағұлов, аға сот приставы - Саят  Жангелов.

Волейболдан қалалық соттардың командасы қарсыластарын ойсырата жеңіске жетіп, бірінші орынды иеленді.

Шаңғы жарысы бойынша әйелдер арасында алғашқы болып мәре сызығын қиған -  Семей қаласының №2 сотының судьясы Жанат Абенова, ерлер арасындағы жеңіске жеткен - Семей қалалық сотының жетекші маманы Аслан Отарбаев. 

Спортакиаданы ұйымдастыру мен өткізу сот қоғамының еш күмәнсіз спортқа деген ынтасы мен жігерін арттыра отырып, салауатты өмір салтын қалыптастырады.

Мықты да тәуелсіз сот билігі судьялардың денсаулығы мықты және моральдік жағынан кем болуы мүмкін емес. Жарыстың жеңімпаздары  кәсіпкерлік жетістіктер мен спорттық жеңістер, сот жүйесінің толық дамуына айтарлық үлес қосатынын атап өтті.

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі