Семей қалалық сотының судьялары сот жүйесінің ардагерін 90-жасқа толу мерейтойымен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тыл еңбеккері Валентина Александровна Тихомирова – соғыс кезеңінің ауыртпалығы мен қиыншылықтары адамның қасиеттерін шынықтырып, рухын күшейтетінінің жарқын үлгісі.

В.Тихомирова 1944 жылы Семей қаласындағы Ленин ауданының сотында жұмысын хатшы ретінде бастаған. Сол кезде ол өзінің еңбек жолы сот жүйесімен байланысты болатынын елестете алмаған. Әділет Басқармасының нұсқауы бойынша атқарып жүрген лауазымында №4 халық сотының учаскесінде, 1948 жылы №3 учаскесінде жұмысын жалғастырған. Бес жыл өткен соң Валентина Александровнаға сот орындаушының құзыреттігін меңгеру қажет болды. 1960 жылы біріккен қалалық сотының аға сот орындаушысы болып тағайындалған. 1962 жылы өз еркімен сот кеңсесінің қылмыстық істер бойынша хатшысы болып жұмыс атқарып, бес жылдан кейін кеңсе меңгерушісі лауазымына ауыстырылды.

Валентина Александровна қарапайым лауазымда қызмет атқарып жүргенде де басшылардың және әріптестерінің алдында өзін көрсетіп құрметке бөленуі мүмкін екенін дәлелдеді. Әр жылдары Қазақ КСР Әділет Министрлігінің, әділет Басқармасының және басқа да мемлекеттік органдардан алған көптеген медальдар, наградалар және сыйлықтар оған куә болады. Бүгінгі таңда оның мансап жолы болашақ ұрпаққа және қазіргі заманғы жастарға үлгі болып табылады.

Судьялар мереке иесіне жанқиярлық және көпжылдық еңбегі үшін алғыс айтып, ардагерге мықты денсаулық пен ұзақ өмір сүруіне тілек білдірді.

                     

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі