Семей қалалық сотында азаматтарға ЭЦҚ беру жөніндегі жоба бастама алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық сотында азаматтарға электрондық цифрлық қолтаңба беру жөніндегі пилоттық жоба бастама алды. Жоба аясында сот қатысушылары сот ғимаратынан шықпай арнайы мобильді кабинетте қызмет көрсететін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы ҰАҚ қызметкеріне жүгінуге және «Сот кабинеті» сервисінде тіркелу мүмкіндігіне ие болды. Азаматтардың арыздарына сәйкес қызметкер электрондық цифрлық қолтаңбаны және қажет автоматтандырылған электронды анықтамаларды береді.

Сот кабинетінің электрондық цифрлық қолтаңба иегері office.sud.kz сайтында электронды құжат түрінде сотқа талап арыз, апелляциялық шағымдар, сот актілерін кассациялық тәртіпте қайта қарау туралы өтініш хаттарын беруге және мемлекеттік бажды кез келген ыңғайлы жерден интернет жүйесі арқылы төлеуге, іс бойынша шығарылған сот актілерінің көшірмесін алуға және көшіріп алуға мүмкіндік алады.

«Сот кабинетінің» негізгі артықшылығы ол, арызды, шағымды немесе басқа да құжаттарды қол астындағы компьютері арқылы, электрондық цифрлық қолтаңба және интернет жүйесіне кіру мүмкіндігі болса тәуліктің кез келген уақытында беру мүмкіндігі, оған қоса жіберуші сол мезетте сот, сот қатысушылары және жіберу уақыты мен күні көрсетілген құжаттың электронды түрде жіберілгені туралы түбіртекті алады.

Пилоттық жобаны жүзеге асыру бюрократиялық кедергілерді жою, электронды сот өндірісін дамытуға, халықтың талап арыздарды басқа да арыздарды беру кезіндегі қажетті ақпараттың қолжетімді болуына және азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеуіне, жолданған арыз немесе хат-хабарлардың қозғалысын бақылау мүмкіндігін береді.

 

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі