Салықты төле де, тыныштық тап

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Салық  төлеуден  жалтару, саласында орын алатын құқық бұзушылықтар көптеген өркениетті елдерде мемлекетке және жеке кәсіпкерлерде үлкен зиян келтіріп қоғам негіздеріне қауіп төндіретін қылмыс ретінде танылған. Біздің елімізде осы мәселеден де қалыс қалмайды. Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 208-1 бабы бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген (есептелген)  сомасын төлеуден жалтару. Касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органы өкімінің қолданысы кезеңіндегі салық берешегі болған жағдайда, салық төлеушiнiң касса не үшiншi тұлғалардың банк шоты арқылы өзара есеп айырысуды жүзеге асыруы арқылы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген сомасын төлеуден жалтару. Заңды бұзғаны үшін жазаның қатал шаралары көзделген. Алайда адамдар заңға қарамастан мемлекетке  экономикалық нұсқан келтіруде. 

Осы мәселеге үлгі болып жеке кәсіпкердің  ісі жақында Семей қалаcының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды. Сот отырысы барысында бұл азаматтың бюджетке салық төлеуден жалтарғандығы, өзара салық органының тыйым  салуына қарамастан касса арқылы 250.000 теңге көлемінде өзара есеп айырысқан яғни кәсіпкер ҚР Әкімшілік  құқық бұзушылық Кодексінің 208-1 бабы бойынша  құқық бұзушылық жасаған.        

Сот мәжілісінде азамат А. өз кінәсін толықтай мойындап, кассадан ақшалай қаражатты заңды білмегендіктен алғанын, қазіргі уақытта салық бойынша қарыздарды өтегендігін айтып жауап берді.Айтқандай, барлық заң – заң болып табылады. Қандай себеп болмасын заңды орындау қажет. Енді кәсіпкер сот қаулысы бойынша 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни, 64820мың теңге төлеуге тиісті.

 

Семей қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі