Риддер қалалық сотында «Аудио - бейнежазба құралдарын техникалық қолдану тәртібі» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық сотында   «Аудио - бейнежазба құралдарын техникалық қолдану тәртібі» атты тақырыбында мемлекеттік қызметкерлердің арасында семинар өткізілді.

Іс-шара барысында  кеңсе меңгерушісі А.А. Иманбаев өз баяндамасында, сот отырыстарын дыбыс-бейнежазу арқылы жүргізу – Елбасы ұсынған «100 нақты қадамнан тұратын 5 институционалды реформаны іске асыру міндеті» Ұлт Жоспарының өзекті міндетінің бірі екендігін, бұл жүйенің енгізілуі сот төрелігін жүзеге асыруды жеңілдетіп,  іс-жүргізуді автоматтандыруға және оңтайландыруға мүмкіндік туғызатындығын атап өтті.

Семинар барысында сот отырыстарының  уақытында басталуы және барлық сот отырыстарына аудио-бейнежазу құралдарын міндетті түрде қолдану керектігі сөз болды.

Іс-шара  соңында қызметкерлермен тақырып бойынша сұрақтар талқыланды.

 

Риддер қалалық сотының

баспасөз қызметі