«Процессуалдық құжаттарды мемлекеттік тілде дайындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Р. Омаровпен «Процессуалдық құжаттарды мемлекеттік тілде дайындау» тақырыбында құқық қорғау және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған тақырыпта  сот төрағасы Р. Омаровпен баяндама жасалып, процессуалдық құжаттардың  стилистикалық және грамматикалық тұрғыда дайындалуы  назарға жеткізілді. Сонымен қатар, сот актілері  мен процессуалдық актілерді әзірлеуде процессуалдық заңнама талаптарының заңдылық, негізділік және дәлелділік талаптарының сақталуы қажеттігі, яғни құжаттардың сауатты мазмұндалуы және рәсімделуі мемлекеттік қызметшінің жоғары деңгейдегі кәсіптік мәдениетінің көрсеткіші болып табылатыны  жеткізілді.

Жергілікті құқық қорғау және мемлекеттік орган қызметкерлерінің әкімшілік істерді мемлекеттік тілде дайындауда жіберетін кемшіліктеріне, азаматтық тәртіпте түсетін талаптарды әзірлеуде жіберілетін олқылықтарға көңіл аударылды.

Процессуалдық құжаттарды дайындау сапасын арттыру мақсатында қатысушыларға процессуалдық құжаттардың үлгілері табысталып, құжаттардың мемлекеттік тілде дұрыс дайындалуы бойынша ұсыныстар айтылды.  

 

Күршім ауданының № 2

аудандық сотының

баспасөз қызметі