Пилоттық жобаның ережелерін түсіндіру бойынша семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қатонқарағай  аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша Пилоттық жобаның ережелерін түсіндіру бойынша Үлкеннарын ауылдық округінің мамандары, кәсіби емес медиатордың және ауданының тұрғындарының қатысуымен семинар өтті.     

Аудандық соттың бас маманы Ш.Темиржанова өз сөзінде Пилоттық жобаның ережелерін түсіндіріп, медиация рәсімін қолдану жолымен міндетті түрде дауларды (жанжалдарды)  сотқа дейінгі реттеудің маңыздылығын атап өтті. Бас маман  Пилоттық жобаның татуластыру рәсімдерінің қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын азайту, азаматтардың дауларды соттан тыс реттеуге қызығушылығын анықтаудың міндеттерін атап өтті.

Сонымен қатар, медиацияны қолдану саласы жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын даулар болып табылатындығын және Пилоттық жоба балаларға қатысты, некені бұзу, мүлікті мен мұрагерлікті бөлу туралы және басқаларды қарастыратынын атап өтті.

Семинар жұмысына қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстар әзірледі.

 

Катонқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі