«Пилоттық жобаны іске асыру туралы» тақырыбына кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай  ауданының № 2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру мәселелері туралы кездесу өткізілді.

Кездесуге аудандық соттың судьялары мен мамандары, прокуратура, заң кеңсесінің адвокаттары, кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Іс шара барысында соттың төрағасы А.М.Әли Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2017 жылғы 26 шілдедегі өкімімен пилоттық жобаны жүргізу мерзімі 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгіленгенін, пилоттық жобаға даулардың қосымша бес санаты қосылғанын, яғни 1 тамыздан бастап  мүлікке меншік құқығы туралы, тауар жеткізілімінің, жалдау, сатып алу-сату, тасымалдау шарттары бойынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы, корпоративтік даулар бойынша, медициналық қызмет көрсетілуіне байланысты  даулар бойынша санаттарында да  қолданылатынын айтты.

Судья Г.Кудербаева Пилоттық жоба азаматтық сот ісін жүргізуде міндетті медиацияны енгізу және одан әрі дамыту мақсатында жүзеге асырылатынын, оның міндеттері татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін анықтау болып табылатынын атап өтті.

Іс шара соңында қатысушылар берген сұрақтарына жауап алып, татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейтуге қатысты пікірлерін білдірді.

 

Катонқарағай ауданының № 2 сотының

баспасөз қызметі