Пилоттық жоба жөніндегі билборд орналастырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының №2 аудандық сотының бастамасымен Марқакөл ауылының орталық көшесінің көрнекті жеріне Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының медиация институтын дамытуға қатысты пилоттық жобасы жайлы анықтамалық билборд орнатылды.

Билбордта дауларды медиация тәртібімен реттеу жолдары және туындаған сұрақтар бойынша сотқа хабарласу мүмкіндіктері туралы ақпаратпен қамтамасыз етілген.

Жалпы аудандық сот тарапынан медиация институтын дамыту мақсатында аудан тұрғындары арасында кеңінен насихаттау жұмыстары тұрақты жүргізілуде, соның нәтижесінде Жоғарғы Сот бастамасымен пилоттық жоба түрінде енгізілген жаңашылдықтары тиісті деңгейінде жүзеге асырылуда.

Оған дәлел ағымдағы жылдың бес айында аудандық сотпен қаралған қылмыстық істердің 40 пайызы, азаматтық істердің 39 пайызы, әкімшілік істердің 27 пайызы осы медиация тәртібімен аяқталған.

Бұл бағыттағы жұмыстар аудандық сотпен алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек. 

 

Күршім ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі