Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы медиация институтын қолдану сұрақтары бойынша семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы Гүлнәр Әділбаева «Медиация, дауды шешудін баламалы тәсілі» тақырыбында соттың кеңсе меңгерушісі және бас мамандар-сот отырысының хатшыларының қатысуымен семинар өткізді.

Іс-шараның өткізу мақсаты – қылмыстық сот өндірісі  шеңберінде  татуласу рәсімін түсіндіру. 

Сот төрағасы Гүлнәр Әділбаева өткізіліп жатқан іс-шараның өзекті екенін ескеріп, қазіргі таңдағы дауды реттеп, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қорғау механизмнің басымдық бағыты, медиация  болып табылатынын айтты.   

Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға, Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар туралы айтып, медиация институтының мақсаты мен міндеттері, медиативтік келісімнің нысаны мен мазмұны, олардың жүргізу мерзімдері, дауды реттеу туралы келісім мен келісімнің орындау тәртібін түсіндірді.

Дауды шешудің балама жүйелері қазіргі таңда белсенді дамып, өркениетті елдер мен мемлекеттерде, заманауи құқықтық инфрақұрылымды жасауға ұмтылушылар мен қолдаушыларын тауып жатыр. Медиацияның жағымды жақтары бұл - төмен қаржылық шығындар, уақыт шығындарын қысқарту және құпиялық болып табылады.

Семинар соңында қатысушылар өзекті сұрақтарды талқылап, қатысушылар халық арасында дауды шешуде медиацияның артықшылықтарын қоғамға жеткізу іс-шараларды күшейтіп жалғастыру керек екені туралы бір пікірге келді.   

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі