Өскемен қаласының №2 сотында жаңа судья тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 20 маусымында  Өскемен қаласының  №2 сотында  сот төрағасы салтанатты түрде судья Алимханов Тельман Набидоллаұлын таныстырды.

Т. Алимханов Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылдың 14 маусымындағы  Жарлығымен Өскемен қаласының  №2 сотына   судья қызметіне тағайындалды.

Өскемен қаласының №2 сотының төрағасы Г.Әділбаева  қайта тағайындалған судьяға сот төрелігін әділ  атқаруды, жұмысына табыстар тіледі.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі