Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында бұрын ЖКО жасағаны үшін көлік басқару құқығынан айырылған азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 611-бабының 3-бөлігінде (өзі қатысушысы болып табылатын жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған адамның көлік құралын басқару құқығынан айырылған не көлік құралдарын басқару құқығы жоқ болған жағдайда жасаған әрекет) және осы кодекстің 610-бабының 3-бөлігінде (көлiк құралдарын басқаруға құқығы жоқ адамның жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған В.Разуваевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта В.Разуваев көлік құралын басқару құқығынан айырылған бола тұра да өзінің басқаруындағы автокөлікпен шегініс жасау барысында маневрдің қауіпсіздігіне назар аудармау салдарынан тұрақтап тұрған көлік құралымен соқтығысып, аталған көлікке материалдық шығын келтірілгендігі анықталды. Сонымен қатар, В.Разуваев өзі қатысушысы болып табылатын жол-көлік оқиғасы болған орынды тастап кетіп қалған.

Сот қаулысымен В.Разуваев, ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік шара ретінде мемлекеттік бюджет есебіне 20 АЕК, 42 420 теңге соммасында әкімшілік айыппұл салынды, ал ӘҚБтК-нің 611-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

 Қаулы  заңды күшіне енді.

 

Өскемен қаласының

мамандандырылған әкімшілік сотының

баспасөз қызметі