Өскемен қалалық сотының судьялар құрамы толықтырылды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциалық сот алқасының төрағасы Көміршінов Манат Ғалымұлы Өскемен қалалық сотының ұжымына салтанатты жағдайда конференц-залда Қазақстан Республикасы Президентінің 18 ақпан 2014 жылғы Жарлығымен Өскемен қалалық сотының судья лауазымына тағайындалған Мағзумова Махаббат Сапарқызын таныстырды.

М.С.Мағзумова бұдан бұрын Павлодар облысы Железин аудандық сотында кеңсе меңгерушісі болып жұмыс істеген, жоғарғы педагогикалық және заңгерлік білімдері бар.

Өскемен қалалық сотының төрағасы Әділбаева Гүльнәр Фазылқызы  Қазақстан Республикасы судьялар Одағы мүшесінің белгісін тапсырды, ұжымның атынан гүл шоғын сыйлады және жас судьяға жұмысына сәттілік тіледі.

Сот төрағасының өкімімен жас судьяның тәлімгері болып судья Каирбаева Лаура Еркыновна бекітілді. Олар бірігіп тәлімгерлік жоспарын әзірледі.

Өскемен қалалық сотының ұжымы Махаббат Сапаровнаға нәтижелі жұмыс тілейді.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі