Өскемен қалалық сотында «Наурыз» мейрамына қарсы көрме ұйымдастырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Наурыз – табиғаттың жаңарып, бейбітшілік пен келісім, ізгілік пен мейірім салтанат құратын шуақты мереке.

«Бүгінде Наурыз мейрамы қазақстандықтар үшін ұлық мерекеге айналды. Бірлік пен тұрақтылық – Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясатының негізгі басымдықтары. Бұл Қазақстанның табысты дамуының негізі және әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіруінің кепілі болып табылады.

Наурыз мейрамының өтуіне  байланысты Өскемен қалалық сотында «Қазақ елі» атты   кезекті көрме ұйымдастырылды.

Көрмені ашылуы Өскемен қалалық сотының төрағасы Б.Тайтөлеуовтің және Шығыс Қазахстан облыстық сотының судьясы Г.Ситдиковтың қатысуымен өткізілді.

Қазақ мәдениеті ұлттық қазақ элементеріне  және тарихи салт-дәстүрлерге өте бай. Ұлттық салт дәстүрдегі мүсіндерді,  әшекей бұйымдар, киімдерді көрмедегі қойылған жәдігерден анық байқауға болады.

«Наурыз» мерекесімен құттықтай отырып, қазақстандықтарға зор денсаулық, отбасылық бақыт, мол табыс тілейміз!

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі