Онлайн режимде сот отырыстарын өткізу сұрақтары бойынша семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотында ШҚО бойынша Соттар Әкімшісінің Ақпараттық технологиялар және ақпараттық рестурстарды қорғау бөлімінің мамандарымен «Аудио-бейне жазба жүйесі бағдарламасын меңгеру» және «Соттар арасында және Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментімен ойлайн сот отырыстарын өткізу» тақырыбында бейнеконференцбайланыс арқылы семинар өткізілді. Семинарға қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері мен сот мәжілісінің хатшылары, және де бейнеконференцбайланыс арқылы шалғайдағы аудандық соттар қатысты.

Семинарда АБЖ Төрелік жүйесі бағдарламасына жаңарту жұмыстары жүргізілгендіктен, біршама өзгерістер енгізілгендігі туралы айтылып, сот мамандарымен бірге бірлесе талқыланды. Сонымен қатар, АБЖ жүйесін қолдану, пайдалану, отырысын уақытында өткізу бойынша және оның жұмыс істеуін тұрақты түрде қамтамасыз ету кеңсе меңгерушілерін жүктелетіндігі туралы ескертілді.

Қазіргі таңда, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты барлық 12 мекемелерге бейнеконференц байланысы арқылы сот процестерін өткізу үшін, бейнебайланыс құрылғылары орнатылып, жүйе іске қосылғандығы жайлы айтылды.

Семинар соңыңда қатысушылармен осы аталған ҚАЖД қарасты мекемелермен сот отырыстары онлайн өткізу керектігі  міндеттелді.

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының

 баспасөз қызметі