«Наурыз» мерекесіне арналған іс-шара өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының мамандырылған әкімшілік сотында «Наурыз 2016» мерекесі қарсаңында сот жүйесінің ардагерлерімен кездесу өткізілді.

Кездесуге бірқатар танымал сот жүйесінің ардагерлері беделді қонақ ретінде шақырылды. Олардың  ішінде Р.Нанарова, Б.Акимжанов, М.Керимбаев, Г.Бичуинова, Г.Жунуспекова, Т.Рахимбаев болды.  

Кеш барысында ардагерлерге кішігірім концерт ұйымдастырылумен Ұлттық тағамдарынан жасалған ақ дастархан жайылды. Кеш барысында қызықты тарихи жайлар еске алынды, жылы- жылы лебіз тілектер айтылды. Естелік ретінде ардагерлерге  естелік сыйлықтар табысталды.

Барша сот жүйесінің ардагерлерімізге мықты денсаулық, қажымас қайрат тілейміз!

Семей қаласының мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі