Наурыз мерекесі аталып өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Іс-шараға Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының төрағасы С.К.Ахмеджанов, сот қызметкерлері және құрметті қонақтар ретінде ардагер судьялары Т.Ә.Омар, Ж.Н.Макижановтар қатысты.

Салтанатты шараны төраға С.К.Ахмеджанов ашып, барлық қонақтарды жарқын Наурыз мейрамымен құттықтады. «Бүгінде Наурыз – татулық пен тұрақтылықтың, Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің баянды бірлігі мен жарасымды тірлігінің жарқын көрінісі. Бұл – Мемлекет басшысы жүргізіп отырған сарабдал саясаттың басты басымдығының, елімізді одан әрі табысты дамытудың және азаматтардың өмір сүру сапасын арттырудың айқын кепілі», - деп  атап өтті.

 

Тарбағатай ауданының  № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі