«Мұрағат істерін қалыптастыру және жоғары тұрған сот органдарының сұранымдары бойынша жолдамалар тәртібі» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотында мамандардың қатысуымен «Мұрағат істерін қалыптастыру және жоғары тұрған сот органдарының сұранымдары бойынша жолдамалар тәртібі» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Семинар сабағын ашқан бас маман Д.Бектасова ведомстволық мұрағат ісін жүргізуді дұрыс қалыптастыру мен жоғары тұрған сот органдарының сұранымдары бойынша жөнелтудің маңыздылығын атады. Сонымен бірге мұрағаттарда ұйымның атқарылған барлық жұмысы сақталатынын, сақтау мерзімі аяқталған құжаттарды жоюға іріктеу және техникалық өңдеу жұмыстары ауқымды уақытты қажет ететінін айтты. Сот органдарының ведомстволық мұрағатында тұрақты сақталатын  құжаттардың Ұлттық мұрағат қорының құжаттарының тізілімін құрайтынын назарға салды

Сондай-ақ, электрондық мұрағат жүйесіне көшудің құжаттарды іздестіруге, оларды көшірмелеу мен таратуға кететін уақытты мейлінше қысқартатындықтан қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік жасайтыны, құжаттардың көп жылдарға сақталуына кепілдік беретіні айтылды.

Жиын барысында қолданыстағы ережеге сәйкес аяқталған істерді сот мұрағатына тапсыру, мұрағат құжаттарын сақтау талаптарын қатаң бақылауға алу тапсырылды.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі