Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы «№8 Балалар үйі» КММ Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Жеке кәсіпкер М. мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және шартты бұзу туралы талап арызбен жүгінді.

Іс материалдарына сәйкес, тараптар арасында жауапкер 2017 жылдың 20 маусымына дейінгі мерзімде 1 770 000 теңге сомасында балалар сауықтыру лагеріндегі моншаны жөндеу бойынша жұмыстарды орындауға міндеттелген мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған. Алайда аталған мерзімде жұмыстар орындалмаған. Жауапкер өкілінің түсіндермесіне сай орындалған жұмыстардың көлемі 40-50 пайызды құрайды.

Сот ұсынылған және іс-әрекеттерді растайтын дәлелдемелерді зерттей келе, талап арызды қанағаттандыруды шешті, жеке кәсіпкер М. мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды.

 

ШҚО МАЭС

баспасөз қызметі