«Мемлекеттік кызметтің жаңа моделі»тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай аудандық сотында «Мемлекеттік кызметтің жаңа моделі» тақырыбында семинар өткізілді.

Бас маман Ш.Темиржанова өз сөзінде, әлемдік практикада кәсіби дамыту және оқыту мәселелері мемлекеттік қызметтің адами капиталын басқару жүйесінде басымдықты мәселе болып табылатынына тоқталды. Стратегиялық даму жоспарының ережелері ескеріле отырып, біліктілігі жоғары мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі базалық білім беру орталығы ретінде күшейтілетін болады. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламалары анағұрлым икемді болады және мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйесі жұмыс істеуінің озық әлемдік практикасын ескеретін болады.

Семинар барысында мемлекеттік органдардың салалық бағдарламаларға сәйкес қашықтықтан оқыту жүйесі қарастырылатыны аталып өтті.

 

Катонқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі