Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  кеңсе меңгерушісінің м.а. М.О. Байжумановамен «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» тақырыбындағы семинар сабағы өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі мемлекеттік қызметкерлер жұмыс уақыты мен одан тыс уақытта мемлекеттік қызмет жөніндегі заңдарды  ұстанып, жалпы моральдық нормаларды сақтау керектігін айтты.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексі  халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға бағытталған.

Семинар соңында соттың әрбір қызметкері мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінің ережелерін, еңбек тәртібін қатаң сақтауды, қызметтік міндеттерін орындау кезінде  адал, әділ, қарапайым болуға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді  пайдалану  қажеттігін үнемі басты назарда ұстауды айттып өтті.

 

ШҚО  қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының  баспасөз қызметі