Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Президентінің «Кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Жарлығындағы өзгерістерге  сәйкес 23 маусым мемлекеттік қызметкерлер күні деп жарияланған.

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  қызметшілер күнінде өзіне жүктелген  лауазымдық мiндеттерiн үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, өзіне  қосымша жүктелген  лауазымдық орындары бос тұрған екі  хатшының жұмысын  уақытпен санаспай жауапкершілікпен орындағаны; жұмысында адал, әділ, қарапайым болғаны, соттың  моралдық-психологиялық  хал-ахуалын  оң қалыптастыруға қосқан үлесі, қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтағаны, өзінің қызметтік міндеттерін адалдықпен бейтарап және сапалы атқарғаны үшін сот төрағасы Б.Мергембаев бас маман, сот - мәжілісінің хатшысы А.Саспаева мен бас маман, сот - мәжілісінің хатшысы Н.Назарованы құттықтап, Алғыс хат тапсырды.

 Алдағы уақытта да сот саласында жемісті еңбек етіп, болашақта зор табыстарға жетулеріне тілек білдірді.

              

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі