«Медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны түсіндіру»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай аудандық сотында «Медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны түсіндіру» бойынша семинар өткізілді.

Аталған іс шараға ішкі істер органының өкілдері, кәсіби емес медиаторы және коммерциялық организацияларының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында бас маман К.Самарханов  2017 жылдың 26 қантарында даулардың  жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды)  медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді еңгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы Ереже Қақстан Республикасының Жоғарғы сотының Төрағасымен бекітілгенін атап айтты.

Пилоттық жобаны басты мақсаттары мен міндеттері, медиацияның  басымдықтары түсіндіріліп, Ережеде көрсетілген  медиация тәртібімен аяқтауға жататын дау санаттары бойынша ақпарат жеткізді.

Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар маңызды мәселелер бойынша ойларымен алмасты.

 

Катонқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі