Медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотымен ҚК 131-бабының 1-бөлігімен  (Қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту) Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, сотталушы Д. Барлық ауылында орналасқан жәбірленуші К.-нің үйіне келіп,  абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсіз түрде кемсіткен.

Сот отырысында сотталушы мен жәбірленуші медиация тәртібімен татуласқанын айтып, істі қысқартуларын сұрады.

Сот қаулысымен Д.-ға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі