Медиация тәртібімен бітімгершілікке келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сотында материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер өзінің талабын істегі зерттеу актісі және көршілермен ПИК-тің төрағасының түсініктеріне сүйеніп, жауапкердің кесірінен бірнеше рет пәтерін су басқанын айтып көрсетті.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиациялық тәртіпте бітімгершілікпен шешу мақсатында  өзара келісімге келді. Ол бойынша жауапкер келтірген материалдық және моральдық зиянды өтеу мақсатында 146 200 теңге өтеуге келісті.

Өскемен қалалық соты тараптардың татуласуларына байланысты істі медиация тәртібімен қысқартты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі