Медиация процедурасының артықшылықтары туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотының судьясымен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.   

«Медиация фактілерге сәйкес көтеген ғасырлар бойы әртүрлі нұсқада әрекет етіп келеді, және бүгінгі күні де өзінің заманауи түрінде әйгілі, және бірнеше он жылдықтар бойы жетілген елдермен мойындалған. Медиацияның еріктілік, құпиялылық, дауды жылдамырақ шешу сияқты бірқатар басымдылықтары бар. 

Қазақстанда өз қызметтерін білікті түрде жүзеге асыратын тәуелсіз тұлғалардың - медиаторлардың қатысуымен дауларды шешудің баламалы тәсілдерін дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің жүктемесін азайту мақсатында 2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданды» - деп атап өтті судья Э.Мукаев өз сөзінде.

Іс-шара соңында судья Э.Мукаев журналистердің қызықтыратын сұрақтарына жауап берді. 

 

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі