«Медиация институтын насихаттау»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті  аудандық сотында  сот  төрағасы Ә.Бақытбекұлымен полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Медиация институтын насихаттау» тақырыбында дөңгелек үстел шарасы өткізілді.

Аталған іс-шараға  Көкпекті АІІБ-нің ЖПҚ бастығының орынбасары Д.Даукенов және Көкпекті АІІБ-нің ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары  қатысты.

Өз баяндамасында Ә.Бақытбекұлы Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының талаптарын түсіндіріп, медиация – бұл бір немесе бірнеше жақтың құқықтық қатынастардан туындайтын дауларын үшінші жақтың қатысуымен келісім іздеу арқылы реттеу екенін,  оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айтып өтті. Медиация азаматтық, әкімшілік, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын даулар, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша қолданылатыны туралы жеткізді.

Кездесуге қатысушылар өз пікірлері мен көзқарастарын ортаға салып, әкімшілік және қылмыстық істерді қарау барысында медиацияны кеңінен қолданудың тәртібі мен ерекшеліктерін талқылады.

 Кездесуді қорытындылай келе сот төрағасы Әділ Бақытбекұлы қатысушыларға алғысын айтып, медиация туралы заңын жүзеге асыруда бірлесіп жұмыс атқаруды және оны кезкелген дауды шешудің баламалы тәсілі ретінде халыққа түсіндіру жұмыстарын жандандыруды ұсынды.

 

Көкпекті аудандық сотының

баспасөз қызметі