Марихуана сақтағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының № 2 сотында ҚК 296 бабы 2 бөлігі (есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу)  бойынша С.Жаткеноваға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына және БҰҰ 1961, 1971 жылдардағы халықаралық Конвенциясына сәйкес, есірткі заттар ретінде марихуананың айналымы Қазақстан Республикасының территориясында тиым салынған.

Алайда, кейбір азаматтар бұған мән бермейді. Самар ауылының тұрғыны С.Жаткенев жабайы сораны жұлып алып, өзінде сақтаған. Жедел алдын алу шаралары кезінде одан салмағы 0,71 грамм кептірілген марихуана есірткі заттары алынды. Қылмыстық Кодекстің 296-бабы 2 бөлігі бойынша марихуананың мұндай құрамын сақтаған адамның іс- әрекетінде қылмыстық құқықбұзушылық құрамын анықтайды.

 Сот қаулысымен С.Жаткенев 296-бабы 2 бөлігі бойынша қарастырылған қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған  60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындалды.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Көкпекті ауданының № 2 сотының

баспасөз қызметі