«Қылмыстық процесте медиацияның қолданылуы» тақырыбында "дөңгелек үстел" өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлан ауданының Таврия ауылының әкімдік ғимаратында орналасқан медиация кабинетінде «Қылмыстық процесте медиацияның қолданылуы»  тақырыбында  «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға   ауылдық әкімшілік, прокуратура, полиция қызметкерлері  және кәсіби емес медиатор қатысты.

Сот төрағасы А.Аринова  талқыланатын  тақырып бойынша кіріспе сөз сөйлеп, «дөңгелек үстел»  жұмысын ашты.

«Дөңгелек үстел»  жұмысы барысында,  қылмыстық және қылмыстық іс  жүргізу заңнамаларында қылмыстық істер бойынша медиацияны қолдану  заңдылық тұрғыда  реттелгені аталып өтті.

ҚР ҚК-нің 68 бабында Қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататындығы көрсетілген.

Медиация  туралы заңнаманың қабылдануымен байланысты  ҚІЖК-не өзгерістер енгізілген сәттен бастап, сот  процеске қатысушыларға  медиация тәртібімен  де қылмыстық  жауаптылықтан  босату  және  қылмыстық  істі қысқарту  қарастырылғанын  азаматтарға  түсіндіріп  келеді.

Жергілікті полиция бөлімінің өкілі және прокуратура  қызметкері осы бағытта  өздерінің атқарып жатқан жұмыстары жайында айтып өтті.

Іс шараның соңында, қылмыстық істерде медиацияның қолданылуы  сот төрелігін  жүзеге асыру принципін нығайтуда маңызы  зор деген  қорытындыға келді.

 

Ұлан ауданының №2 аудандық

сотының баспасөз қызметі