Қылмыстық процесте медиация институтын одан әрі дамыту сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс-Қазақстан облысының прокуратурасы қылмыстық процесте медиация институтын одан әрі дамыту сұрақтары бойынша және сот тәжірибесіндегі қоғамдық жұмыстарды тағайындау мен орындау туралы дөңгелек үстел өткізді.

Іс шараға Шығыс-Қазақстан облыстық сотының судьялары Г.Абдрахманова, В.Бычков, Өскемен қаласының №2 сотының судьясы Е.Белавина, Ішкі істер Департаменті, Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің өкілдері, облыстың медаторлары қатысты.

Дөңгелек үстелдің барысында қатысушылардың арасында ҚР «Медиация» туралы заңының жетілдіру және бірқатар өзгертулер енгізу туралы пікірлер айтылды.

Бұл институтты оңтайландыру және сотқа дейінгі медиациялық келісімге келудің мүмкіндігі туралы халықты ақпараттандыруды арттыру мақсатында тәжірибе ретінде Өскемен қаласының полиция бөлімінің бірінде медиатордың кезекшілік кабинеті ашылды.

Сонымен қатар,  «Қоғамдық жұмыстар - адал азаматты тәрбиелеудің кепілі» атты облыстық покуратураның өз жобасының іске асырудың қортындысын жарияланып, осы жаза түрінің орындалуын мен тағайындау өткізу туралы проблемалық сауалдар талқыланды.

Дөңгелек үстелдің қорытындысында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ұсыныстар жолданатын болады.

 

Өскемен қаласының №2 сотының

баспасөз қызметі