Күршім ауданының №2 аудандық сотында «Сот шешімі орындалуымен құнды» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының №2 аудандық сотында «Сот шешімі орындалуымен құнды» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара Күршім ауданының прокурорының орынбасары Р.Садвокасов және Марқакөл аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы С.Тұрғанбаеваның қатысуымен өтті. 

Сот төрағасы Р.Омаров өз сөзінде: «Сот шешімінің орындалуы – азаматтардың құқықтары мен бостандығының кепілі, себебі шешімнің орындалуы арқылы заңмен бекітілген адамның құқығы мен бостандығының сақталуы жүзеге асады», - деп атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар атқару өндірісі туралы заңның құқықтық қолданыстағы тәжірибиесін талқылады.

Сот төрелігінің тиімділігі сот шешімдерінің орындалуы деңгейімен анықталады. Статистика көрсетіп отырғандай, іс жүзінде сот шешімдерінің тек 70 пайызы ғана орындалады. Мұндай жайт көп жағдайда сот жүйесі туралы жағымсыз ой түйіндеуге негіз болып жатады. Бұл сот билігінің беделіне нұқсан келтіретіні сөзсіз. 

Осыған орай, дөңгелек үстел жұмысы барысында келешекте соттың да, сот орындаушыларының да қызметін оңтайландыратын шешімдер қарастырылуы керектігі жайлы қорытындыға келді. 

 

Күршім ауданының №2 аудандық  сотының

баспасөз-қызметі