Құқықсыз мас күйінде...

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 467 бабы 8 бөлігі бойынша А. атты азаматқа қатысты қатысты әкімішілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, А. атты азамат автокөлікті жүргізу құқығы жоқ бола тұра мас күйінде оны басқарған.

Сот мәжілісінде құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, көлік құралын жүргізу құқығы жоқ екендігін біле тұра мас күйінде басқарғанын мойындады. Көлік иесі оның ағасы мас күйінде екендігін біле тұра, автокөлікті басқарғанға рұқсатын берген.

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының қаулысымен А. атты азамат Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 467 бабы 8 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған аталған баппен 10 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Көкпекті ауданының 

№ 2 аудандық соты

баспасөз қызметі