«Көші-қон заңнамасы саласындағы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар туралы» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Көші-қон заңнамасы саласындағы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар туралы» семинар  өткізілді.

Іс шараға  соттың судьялары, Катонқарағай АІІБ көші-қон полициясының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде соттың судьясы Г.Кудербаева Қазақстан Республикасы  нормативтік-құқықтық актілерімен шетел азаматтарының (азаматтығы жоқ адамдар) Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету тәртібі, Қазақстан Республикасында тұрақты және уақытша болу құқықтарына құжаттарды ресімдеуі, Қазақстан Республикасының шетелдіктердің аумағында жүруі және транзитпен өтуі, болу мерзімдерін қысқарту және оларды Қазақстан Республикасынан шығаруы айқындалғанын айтып, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабымен әкімшілік жауапкершілік көзделгенін айтып өтті.

Іс шара нәтижесінде статистикалық мәліметтер талқыланып, 2017 жылдың өткен мерзімінде Өзбекстан Республикасы азаматтарына қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істері қаралғаны туралы айтылды.

 

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық

сотының баспасөз қызметі