Көлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің 608-бабы, 6-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқару құқығы жоқ адаммен жасалған әрекеттер) бойынша әкімшілік  жауапкершілікке тартылған  Қытай Халық Республикасының азаматы С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

ҚХР азаматы С.алкогольдік масаң күйінде және көлік  құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, Үржар ауданы Барқытбел ауылында ВАЗ-21213 маркалы автокөлікті жүргізіп жүргенінде жол полиция қызметкерлерімен ұсталған. Аталған азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот қарауына жолданған. Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толығымен мойындап, өкініш білдірді.

Сот қаулысымен С. Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің 608-бабы, 6-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы  жаза тағайындалды.

Қаулы заң күшіне енген жоқ.

 

Үржар аудандық сотының

баспасөз қызметі    

Пікірлер мен ұсыныстар