Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотында ӘҚБтК-ң 611- бабының, 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасаған азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында, құқық бұзушы 2017 жылы маусымда түн мезгілінде, Ақсуат ауылындағы Қабанбай көшесінің бойында келе жатқанда, үйлердің арасынан бір топ жылқы үркіп шыққанда, бір жылқы автокөліктің алдыңғы терезесіне соқтығысқандықтан, шошыған Н.-ның қан қысымы көтеріліп кетіп, дәрігерге жүгінуге тура келгендігі анықталды. Сондықтан, ол өз бетімен оқиға болған жерді тастап кетпегендігі бекіп, ӘҚБтК-нің 611-бабының, 2-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы жоқ екені анықталды.

Сот, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы № 91 Заңымен ратификацияланылған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің  26-бабы және ӘҚБтК-нің 10-бабының, 3-бөлігінің негізінде ӘҚБтК-нің 741-бабының, 1-бөлігінің, 2-тармағына  сәйкес  әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауы себепті әкімшілік істі қысқартты.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі