Келтірілген материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы талап арыз ішінара қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тарбағатай аудандық сотында талапкер Б. жауапкерлер П. және А.-дан айналасындағыларға қауіп туғызатын қауіптілік көздері арқылы келтірілген зиянды және моралдық зиянды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
 
Талапкер Б. жол-көлік апатының салдарынан өзінің ауыр жарақат алғанын, жұмысқа жарамсыз болып қалғанын, автокөлігінін де толықтай жарамсыз болғанын, жауапкерлер көлік иесі П. және көлікті басқарған А.-дан еңбек ақысы 425 022 теңгені, автокөлік құны 500 000 теңгені, заң көмегіне төлеген 25 000 теңгені, жиыны материалдық зиян 950 022 теңгені, моральдық зиян 500 000 теңгені жауапкерлерден өндіруді сұрап талап арыз түсірген.
 
Сот мәжілісінде жауапкер П. және А. талап арызды ішінара мойындайтындарын, алғаш оқиға болған күні талапкерге 175 000 теңге қаржылай көмек бергенін, осы жол-көлік апатының салдарынан ҚР ҚК-нің 345 бабы 2 бөлігімен қаралған  қылмыстық іс бойынша талапкер автокөліктің құнын, моралдық зиянды өндіріп алғанын, тек қана еңбек ақысын төлеуге келісетінін айтып жауап берді.
 
Сот шешімімен талап арызы ішінара қанағаттандырылып, талапкердің пайдасына еңбек ақысы 425 022 теңге, заң көмегіне төлеген 25000 теңге өндіріліп, талаптың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды.
 
Шешім  заңды күшіне енген жоқ.
 
 
 
Тарбағатай аудандық сотының
баспасөз қызметі