Әкелікті даулау медициялық келісіммен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық сотында азамат Ж. азаматша С.-ға әкелікті даулау туралы талабы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Істі қарау барысында бітімгер-судьяның қатысуымен тараптар өзара келісімге келіп, дауды медициялық келісіммен шешу жөнінде бітімге келді. Келісім бойынша жауапкер ортақ баласына әкелікті ерікті түрде рәсімдеуге келісті, ал талапкер өз кезегінде талабынан бас тартты.

Сот тараптардың бекіткен келісімдері үшінші жақтың құқықтарына қайшы келмеуін назарына алып, яғни кәмелетке толмаған баланың мүддесіне нұқсан келмеуіне байланысты медиациялық келісімді бекітіп, істі өндірістен қысқартты. 

 Сонымен қатар талапкерге оның мемлекетке төлеген бажы бюджеттен оған кері қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

 

Өскемен қалалық сотының

баспасөз қызметі