Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жiберілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Курчатов қалалық соты ӘҚБтК-нің 517-бабының, 5-тармағында (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азамат Х.-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталағандай, Өзбекістан азаматы Х. Қазақстан Республикасына жеке шаруаларымен келіп, Курчатов қаласының аумағында ақылы қызмет атқарып, көші-қон заңнамасын бұзған.

Сот отырысында Х. Кінәсын толық мойындап, Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуін өтінді.

Курчатов қалалық сотының қаулысымен Х. ӘҚБтК-нің 517-бабының  5-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберу әкімшілік жазасы тағайындалды.

 Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Курчатов қалалық сотының

баспасөз қызметі