Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының № 2 сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Катонқарағай ауданының № 2 сотының төрағасы А.Әли, соттың мамандары, Катонқарағай КПБ қызметкерлері, Катонқарағай аумақтық сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушысы қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - қандай болсын сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын жою.

Сот төрағасы А.Әли өз сөзінде, сыбайлас жемқорлық мемлекет үшін ең қауіпті құбылыстардың бірі екенін айта келе, бұл мәселемен күресу тек құқық қорғау органдары ғана емес, әр-бір азаматтың міндеті және құқықбұзушылық әрекеттерді жасырмай хабарлап отыруы тиіс екендігін айтып өтті. Дөңгелек үстел барысында соттың бас маманы Ж.Хамитов баяндамасында Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы негізінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті екенін айтып өтті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар өз пікірлерін айтып,  сыбайлас жемқорлықтың орын алуы мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін төмендететінін, әр қызметкер онымен күресіп, осындай құқық бұзушылықты болдырмау үшін күресуі қажет. Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген мемлекеттік органның имиджіне негативті әсер келтіретінін, адамдардың сенімін кетіретінін ескере келсек, сыбайлас жемқорлықпен күреске аса көңіл аударып, уақытылы профилактикалық, ескерту түріндегі шаралар қолдану қажет екеніне тоқталды.

 

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі