Қалжыңның түбі – қылмыстық жауапкершілік.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Қазақстан Республикасының қылмыстық Кодексінің 242 бабы бойынша кәмелетке жасы толмаған Т. атты азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, кәмелетке жасқа толмаған Т. атты азамат А. атты азамат досының үйіне келеді.

А. атты азамат үйінде жалғыз болған. Кәмелетке жасқа толмаған Т., А. атты азаматтар сабақ үстінде алдын – ала  кәмелетке толмаған А. атты азаматтың үйінде компьютер ойнап, одан соң мектепке бірге «Алтын күз» мейрамына бірге келетіндері жөнінде алдын-ала келіскен.

Кәмелетке толмаған Т. атты азамат кәмелетке толмаған А. атты азаматтыңғ үйіне келіп, үй телефонымен кәмелетке толмаған сыныптасы Г. атты азаматқа қонырау шалмақ болады, бірақ сыныптасымен байланыса алмаған соң, өзі оқитын № 3 мектепке хабарласпақшы болады, кәмелетке толмаған Т. атты азаматтың ойында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама беру арқылы қылмыстық ниеті пайда болды. Кәмелетке толмаған Т. атты азамат өзінің ойы жөнінде А. атты досына айтты, алайда соңғысы оның ойына келіспегендігін білдірді.

Кәмелетке жасқа толмаған Т. атты азамат № 3 мектептің вахтасына қонырау шалып, тұтқаны вахта қызметкері Т. атты азаматша көтереді, кәмелетке толмаған Т. атты азамат дауысын  өзгертіп № 3 мектептің залында бомба бар екендігі хабарлап, тұтқаны тастай салды. Т. атты азаматша директордің міндетін атқарушысына Т. атты азаматтың мектепте бомба бар екендігі жөнінде айтты. Содан кейін директордің міндетін атқарушы ол жайында құқық қорғау органдарына хабарлаған.

Сот отырысында,  кәмелетке толмаған Т. атты азамат өз кінәсін толығымен мойындап, мектепте бомба бар деп айтқан себебін, жай қалжың ретінде түсіндірді.

ШҚО бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Т. атты азамат Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 242 бабы бойынша 2 (екі)  жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.   

 

ШҚО бойынша №1

кәмелетке толмағандардың

істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының баспасөз қызметі