Глубокое аудандық сотында «Сот процестерінде дыбыс-бейне жазба жүйесін қолдану» тақырыбында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое аудандық сотында сот мамандарының арасында «Сот процестерінде дыбыс-бейне жазба  жүйесін қолдану» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Бас маман Ж.Еренбаков өз баяндамасында, дыбыс-бейне жазба  жүйесін қалай қолдануын және азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша сот мәжілістерін жазбаға түсіру міндетті түрде екендігін атап өтті.

Дыбыс-бейне жазба  жүйесінің артықшылығы, мәжілістегі барлық әрекеттер шын мәнінде болады және сот мәжілісіне қатысушыларды тәртіпте ұстайды. Сонымен қатар, сот жүйесіндегі оңтайлы жағы сот мәжілісі хатшыларының толық хатталамаларды толтыру жұмыс жүктемесін азайтады.  Соған қоса, дыбыс-бейне жазбаға түсіру, сот мәжілісімен байланысты құжаттамаларға жақтардың көптеген ескертулерін жоюға мүмкіндік береді. Дыбыс-бейне жазба жүйесі сот төрелігін жүргізу бағытындағы жұмысты белсендетудің бір жолы.

Семинар сабағында дыбыс-бейне жазба  жүйесі бойынша туындаған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланып, мамандар өзара пікірлерімен бөлісті.

        

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі