Глубокое аудандық сотымен «Мұраны иесіз деп тану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Дөңгелек үстелге судья А.Рахимжанова, Глубокое ауданының нотариустары, ММ «Глубокое ауданының әкімінің Аппаратының» өкілі қатысты.

Судья А.Рахимжанова Азаматтық кодексте мүлікті иесіз деп танудың түсініктемесін беретін және оны осылай танудың тәртібін белгілейтін бір ғана 1083-бап  бар екендігін атап өтті. Егерде тірі мұрагерлердің бар екендігі белгілі болған жағдайда, мүлікті иесіз деп тану мүмкіндігі жойылатындығына назар аударды.  

Дөңгелек үстелге қатысушылармен мүлікті иесіз деп тану туралы талап арыз беру кезінде, оның ішінде құзыретті органдармен мұраны иесіз деп тану туралы талаптар берілгенде, мүдделі тұлғалар шеңберін анықтауда, арыздануға дейінгі әрекеттер жасауда туындайтын проблемалар талқыланды.

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі