Газет тілшісімен сұхбат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Курчатов қалалық сотының судьясы А.К.Сыздыков «Курчатов көкжиегі» газетінің тілшісіне сұхбат берді. Тілшіге Қазақстандағы медиация институтының дамуы туралы, Жоғарғы Соттың жекелеген санаттар бойынша дауларды сотқа дейін міндетті реттеуді енгізудің жаңа пилоттық жобасы туралы түсініктеме берілді.

Судья сұхбатында аталған пилоттық жобаны сот медиациясы арқылы тараптарды бітімгершілікке шақыру институтын сот өндірісіне енгізу жаңа Азаматтық процесстік кодексте ерекше орын алатынын атап өтті. Оның айтуынша бітімгершілік рәсімдері көбінесе медиатор-судьяларымен жүзеге асырылатындығын, ал негізінде жаңа пилоттық жоба дауларды сотқа дейін шешуге, яғни қоғамдағы келіспеушілікті азайтуға бағытталғанын аса айқындап өтті. Медиаторлардың атқарып жатқан жұмыстарын атап өтті. Сонымен қатар, жаңа пилоттық бағдарламаның тиімділігі мен қол жетімділігін ерекше көрсете отырып, заң сатысына жаңашылдық енгізетініне сенім білдірді.

Сұхбат барысында судья БАҚ өкілінің сұрақтарына жауап берді. Газет тілшісі медиацияны қолдану аясында, медиаторлардың құқықтық жағдайлары, медиацияның қолдану шарттары жайында толыққанды жауаптар алды.

Сұхбат соңында газет тілшісі қызықты өткен сұхбат үшін судьяға алғысын бідірді.

 

Курчатов қалалық сотының

баспасөз қызметі