Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының төрағасы м.а. Ш.О.Оспанова және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында аудандық соттың төрағасы м.а. Ш.Оспанова Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жайында баяндап, рухани жаңғыруға байланысты  атқарылуға тиісті іс-шараларға жан-жақты тоқталды.

Елбасы өз мақаласында рухани жаңғыруды іске асырудың нақты жолдарын бағдарлап, ол үшін ең алдымен жиырма бірінші ғасырда ұлттық сана қалыптастыру міндеті тұрғандығын атап көрсетті. Бұл ретте, тұтас қоғамдық және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың нақты бағыттары айқындалған. Негізгі бағыттар ретінде бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму көрсетілген.

Іс-шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар Елбасының мақаласына байланысты атқарылуға тиіс жұмыстарға тоқталып, ол жұмыстарды іске асыру жолдарын талқылады.

 

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі