Экономикалық сотта семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында кеңсе қызметкерлері арасында «Жеке ұйғарым» тақырыбында семинар өткізілді.

 Аталған тақырыпта бас маман Я. Лебедеваның баяндамасы тыңдалып, тақырыптың негізгі аспектілері айтылды.

Баяндама аясында, мемлекет пен қоғамда жеке ұйғарым айтарлықтай орын алады, бірінші кезекте, азаматтардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін қалпына келтірумен қоса,  ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың қызметіндегі заңдылықты қалпына келтіруге бағытталатыны туралы атап өтілді.

 Я. Лебедева қатысушылардың назарын жеке ұйғарымдарды мәлімет үшін және орындауға жіберу кезіндегі мерзімдерді қатаң сақтауға аударды. Семинар қорытындысы бойынша аталған тақырыпта басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

 

ШҚО МАЭС

баспасөз қызметі