Экономикалық сотта 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «2017 жылдың 9 айы бойынша сот жұмысының қорытындысы»  тақырыбында баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихатына төраға м.а. Б. Жаманбаев, судья С.Жайлибаева және келесі БАҚ өкілдері қатысты: «РегионPRESS» газетінің тілшісі, «Қазақстан-Өскемен» телерадио кешені тілшілері, «Мой город» газетінің тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты төрағасының м.а. Б. Жаманбаев 2017 жылдың 9 айындағы көрсеткіштерін 2016 жылдың осындай мерзімімен салыстырғандағы есеп мәліметтерін айтып өтті. Осылайша, 2017 жылдың 9 айында барлығы 3718 азаматтық іс қаралған, оның ішінде оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде 797 іс аяқталған, бұл барлық қаралған істің 21,4% құрайды, сот бұйрығын шығару  тәртібінде 204 іс қаралған, бұл барлық қаралған істің 5,5% құрайды.

Іс-шара барысында татуластыру рәсімдеріне ерекше мән берілді. Аталған бағыт бойынша есеп мәліметтерінің көбейгені байқалады. Есептік кезеңде татуластыру рәсімдерін қолданумен барлығы  169 іс қаралған. Дауды медиация немесе партисипативтік келісім тәртібінде реттеу туралы келісімдердің бекітілуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьяларымен 24 453 924 теңге көлемінде төленген мемлекеттік баж қайтарылған.

Сонымен қатар, сот төрағасы БАҚ өкілдерінің назарын сотқа құрметтемеушілік танытқан тұлғаларға шаралар қолданылатынына аударды. Ағымдағы жылдың басынан бастап сотта әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 653 бабы бойынша 8 әкімшілік іс аяқталған. Тиісінше хабарланған іске қатысушы адамдар сот отырысына кешігіп келгені үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кәнілі деп танылып, ескерту түріндегі әкімшілік жазаға тартылған.

Өз кезегінде кеңсе меңгерушісі А. Жилкашинова баяндамасын оқи отырып, БАҚ өкілдерін Жоғарғы Соттың ресми сайты, «Сот кабинеті» сервисі, «Талдау» форумы, Аудио-бейнетіркеу жүйесі секілді сот органдарының технологиялары және ақпараттық ресурстарымен таныстырып өтті. Сонымен қатар азаматтарға сотқа электрондық сенімхат жолдауға мүмкіндік беретін «Сот кабинеті» сервисінің жаңа функционалы «Электрондық сенімхат» іске қосылғанын ерекше атап өтті.

Баспасөз конференциясы аяқталған соң төраға м.а. Б. Жаманбаев орыс тілінде, судья С. Жайлибаева мемлекеттік тілде сұхбат берді.

Баспасөз мәслихатының қатысушыларын қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берілді.

 

ШҚО мамандандырылған ауданаралық

экономикалық сотының

баспасөз қызметі