Екі баппен әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі және 461-бабымен қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылықтар жасаған аз.Г-ға қатысты екі әкімшілік іс  қаралды.

Сотта істі қарау барысында, аз. Г. өз үйінде алкогольдік масаң күйінде бола тұра, бұрынғы жұбайы  Г.-ның мазасын алып балағат сөздер айтқаны анықталды. Осы іс әрекеттерімен аз. Г. ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігімен көзделген құқықбұзушылық жасап, оған шығарылған қорғау нұсқамасын бұзған, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабымен қарастырылған құқықбұзушылық жасаған.

Сот аз. Г.-ны ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігімен қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған осы баб бойынша 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза тағайындады.

Г.-ны ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабымен қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған осы баб бойынша 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жазасын тағайындауға қаулы етті.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Көкпекті аудандық сотының

баспасөз қызметі