Достық үйінде кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Самар Достық үйінде «Медиацияның жаңа пилоттық жобасы» тақырыбына Самар аумағының тұрғындарымен «Кездесу» өткізілді.

Іс - шараны Көкпекті ауданының № 2 аудандық  сотының төрағасы Н.Нұралинов өткізді. Онда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2017 жылғы 26 шілдедегі өкімімен пилоттық жобаны жүргізу мерзімі 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгіленгенін, пилоттық жобаға даулардың қосымша бес санаты қосылғанын, яғни 1-тамыздан бастап  мүлікке меншік құқығы туралы, тауар жеткізілімінің, жалдау, сатып алу-сату, тасымалдау шарттары бойынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы, корпоративтік даулар бойынша, медициналық қызмет көрсетілуіне байланысты  даулар бойынша санаттарында да  қолданылатынын айтты.

Іс-шара жылы шырайда өтті, қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

 

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі